Жаңалықтар

Республикалық “Әбіш оқулары” шығармашылық байқауы аяқталды

Республикалық “Әбіш оқулары” шығармашылық байқауы аяқталды
Фото: МО білім басқармасы 01.12.2024 09:18 392

Ақтауда «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Конкурсқа еліміздің 21 аймағынан 154-тен астам қатысушы қатысып, Ә. Кекілбаевтың шығармаларына арналған төрт бағытта өз өнерлерін көрсетіп, бақтарын сынады. Қатысушылар арасында иллюстрациялық суреттер салу, поэзия мен прозаны мәнерлеп оқу, шығармашылық жобаларды зерделеу және сахналық қойылымдар көрсету сияқты байқау түрлері болды.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Ә. Кекілбаев шығармаларының иллюстрациялық суреттерін салу бағыты бойынша: 
       • І орын:  Ясмин Сейфуллина (Қарағанды облысы) 
      • ІІ орын: Еңлік Ералы  (Жетісу облысы), Асылбек Халмұратов (Маңғыстау облысы) 

      • ІІІ орын: Ахмет Нұрсипат (Солтүстік Қазақстан облысы), Зарина Юлдашева (Қостанай облысы),  Дарын Берікбосын (Шығыс Қазақстан облысы),  Ботакөз Тойлыбайқызы (Ақтау қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебі), Қайралиева Алтын Қайралиева (Ақтөбе облысы), Бибизейнеп Успанова (Жамбыл облысы).

Ә. Кекілбаев шығармаларын мәнерлеп оқу бағыты бойынша: 
     • І орын:  Айдын Утемисов (Атырау облысы) 
     • ІІ орын:  Ерасыл Болатов (Астана қаласы), Қосман Жұмабай (Павлодар облысы) 
     • ІІІ орын: Бауыржан Мұсабек (Шымкент қаласы),  Сабина Есенғалиқызы (Қостанай облысы), Сабина Сламғали (Ұлытау облысы), Ыбырайым Дінмұхаммед (Маңғыстау облысы), Орынғали Жантілек (Маңғыстау облысы), Дильназ Қадылбекова  (Шығыс Қазақстан облысы).

Ә. Кекілбаев шығармаларын зерделеу бағыты бойынша: 
      • І орын: Байдақ Айша (Назарбаев Зияткерлік мектебі, Орал қаласы) 
      • ІІ орын: Тоқтан Аяулым (Түркістан облысы), Абдрахман Аружан (Алматы облысы) 
     • ІІІ орын: Өміржан Мейірім (Астана қаласы), Әлізақ Қарақат (Жамбыл облысы), Сержан Жаншырақ (Қарағанды облысы), Нұраханова Медина (Маңғыстау облысы), Оспанова Бағлан (Солтүстік Қазақстан облысы).

Ә. Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылым бағыты бойынша: 
        • І орын: Байдақ Айша (Назарбаев Зияткерлік мектебі, Орал қаласы) 
        • ІІ орын: Тоқтан Аяулым (Түркістан облысы), Абдрахман Аружан (Алматы облысы) 
        • ІІІ орын: Өміржан Мейірім (Астана қаласы), Әлізақ Қарақат (Жамбыл облысы), Сержан Жаншырақ (Қарағанды облысы), Нұраханова Медина (Маңғыстау облысы), Оспанова Бағлан (Солтүстік Қазақстан облысы).

Жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің дипломдары мен Маңғыстау облысы білім басқармасының қаржылай сыйақылары табысталды.

Сонымен қатар, байқаудың жалпы қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған үздік командалар да марапатталды. 
«Ең үздік команда» номинациясы бойынша: 
         • І орын: Маңғыстау облысының командасы 
         • ІІ орын: Атырау облысы, Қостанай облысы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы 
         • ІІІ орын: Қарағанды облысының командасы.

Жеңімпаз командаларға «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдары мен Маңғыстау облысы білім басқармасының ақшалай сыйақылары табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға