Республикалық «Абай оқуларында» 47 оқушы жеңімпаз атанды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
14.06.2024 01:44
687
XXV республикалық «Абай оқулары» өз мәресіне жетті. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 130-дан астам жас абайтанушы қатысты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломы 47 оқушыға тапсырылды. Атап айтсақ, I дәрежелі дипломмен 6 қатысушы, II дәрежелі дипломмен 18 қатысушы және III дәрежелі дипломмен 23 қатысушы марапатталды. Арнайы номинация 18 оқушыға табысталса, әр номинация бойынша ерекше жетістігі үшін тағы 20 оқушы грамотамен марапатталды. Сондай-ақ қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз көз жұмды
Келесі жаңалық
Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды