«Respublica» партиясының 20 өңірдегі штабы ресми түрде ашылды

Астанада «Respublica» партиясының республикалық штабының ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров сайлауалды үгіт-насихат жұмысын белсенді түрде жүргізетін боламыз дейді.
«Бүгін біз мемлекет бойынша 20 өңірлік штабымызды ресми түрде аштық. Алда үгіт-насихатын жұмысын жүргізу мақсатында елге шығып, халықты барынша акпараттандыратын боламыз. Ертең Алматы қаласынан бастап үлкен сапарға шығамыз. Одан кейін Талдықорған, Шымкент, Қонаев, Жамбыл, Шымкент, Түркістан, Қызылорда қаласын 5-6 күн ішінде аралаймыз. Әрі қарай, Бастыс, Солтүстік, Шығыс облысына барып, соңғы сапарымызды Ұлытау облысымен аяқтаймыз», - деді ол.
Сондай-ақ жиынға аймақтық штабтар онлайн қосылды. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, өзекті мәселелер мен болашаққа арналған жоспарлары талқыланды.
