Жаңалықтар

Ресеймен шекарадағы «Желқуар» бекеті жабылды

Ресеймен шекарадағы «Желқуар» бекеті жабылды
Фото: ҰҚК 29.03.2023 16:20 1035

Су тасқыны жағдайына байланысты 2023 жылғы 29 наурыздан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы Ресей Федерациясы Челябинск облысының ресейлік «Мариинский» өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан «Желқуар»  автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, «Желқуар» автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді қайта бастау туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.

Көлік құралдарының жүргізушілеріне қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға