Жаңалықтар

Ресейлік даңқты режиссер студенттермен кездесті

"Мәскеу көз жасыңа сенбейді", "Махаббат пен көгершіндер" фильмдерінің режиссері Алматыға келді
27.10.2016 06:42 4060

Кеше ресейлік белгілі актер, режиссер, «Оскар» жүлдесінің иегері Владимир Меньшов Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттерімен кездесіп, өзінің шеберлік сағатын өткізді. Бұл шара VI халықаралық «Бастау» кинофестивалінің аясында ұйымдастырылды.

Ресейлік даңқты режиссер студенттермен кездесті

Студенттер мен режиссердің сұхбат өте қызықты өтті. Владимир Валентинович жастарға өзінің кинодағы алғашқы қадамдары мен ең бірінші картинасы туралы, «Мәскеу көз жасыңа сенбейді», «Махаббат пен көгершіндер» фильмдерінің жетістігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, студенттер режиссердің түсірілім кезінде болған қиындықтар мен қызық оқиғаларын қызыға тыңдады.

Ресейлік даңқты режиссер студенттермен кездесті

– Бұл кездесу біздің академиямыз үшін өте ерекше шара деп білемін. Режиссердің келуін біз бірнеше күн қатарынан тағатсыздана күттік. Осы сұхбат студенттердің есінде мәңгі сақталып қалатын болар. Себебі, фильмдерді көрген бір бөлек, ал режиссерге тікелей сұрақ қоюдың әсері мүлдем басқаша, – деді «Кино және телевидение» факультетінің деканы Гүлнар  Мүрсәлімова.

Ресейлік даңқты режиссер студенттермен кездесті

Шеберлік сағатынан соң, студенттер даңқты режиссермен бірге суретке түсіп, одан қолтаңба да алып үлгерді. Ал, кешкілік «Бастау» кинофестивалінің аясында «Bekmambetov Cinema 3D» кинотеатрында Владимир Меньшовтың «Зависть Богов» атты жаңа фильмі көрсетілді. Фильмді көпшілікке режиссердің өзі таныстырды.


Айбота Өтеулі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға