Жаңалықтар

Ресейге сүйіспеншілікпен

Ресей мен Қазақстанды ертеден мықты достық байланыстырады. Біздің елдерді тек қана дипломатиялық қарым-қатынас қана емес, сонымен қатар тарих тұрғысында бір-бірімізге деген көп ғасырлық құрмет пен сый байланыстырады. Петропавл қаласының достық Үйінде Ресей Федерациясы күнін мерекелеуге байланысты «Ресейге сүйіспеншілікпен» концерті өтті. Бұл шара — бостандық, азаматтық бейбітшілік, заң және адалдық негізіндегі барлық адамдардың ерікті келісімінің мерекесі. Бұл мереке — ұлттық бірігу және өз Отанының қазіргісі мен болашағына ортақ жауапкершіліктің нышаны. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мынандай сөздер айтты: «Ресей — Құдай берген біздің тарихи көршіміз. Бізге дейін де тұрды, біз де тұрамыз және біздің балаларымыз осылай көрші болып, достық пен түсінушілікте тұра береді». Орыс мәдениетінің фестивалі қонақтарын қарсы алу облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Наил Салимовтің сөздерімен ашылды. Концертті орыс халық аспаптарының оркестрі ашты. Фестивальде би, частушка және орыстың танымал ақындарының өлеңдері орындалды. Концертке тек қана этномәдени орталықтары ғана емес, облыстың шығармашылық ұжымдары да қатысты. Жамбыл ауданынан келген «Достарым» триосы көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етті. Концерттің ең есте қаларлық сәті аккордеонның аккомпанементімен барша зал өздерінің сүйікті орыс халық частушкаларын «Частушечный наигрышта» айтуы болды. Көрермендер тамаша концерттен ләззат алса, әртістер өз өнерлерін сыйлап, естелік сыйлықтар алды. Фестиваль соңында «Братство Сибирских казаков» және «Русская община Казахстана»  бірлестіктерінің төрағалары Виктор Таранов және Николай Авдеев қонақтарды мерекемен құттықтап, тамаша көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыстарын  білдірді.
Ресейге сүйіспеншілікпен
13.06.2018 02:16 1645

Ресей мен Қазақстанды ертеден мықты достық байланыстырады. Біздің елдерді тек қана дипломатиялық қарым-қатынас қана емес, сонымен қатар тарих тұрғысында бір-бірімізге деген көп ғасырлық құрмет пен сый байланыстырады.

Петропавл қаласының достық Үйінде Ресей Федерациясы күнін мерекелеуге байланысты «Ресейге сүйіспеншілікпен» концерті өтті. Бұл шара — бостандық, азаматтық бейбітшілік, заң және адалдық негізіндегі барлық адамдардың ерікті келісімінің мерекесі. Бұл мереке — ұлттық бірігу және өз Отанының қазіргісі мен болашағына ортақ жауапкершіліктің нышаны.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мынандай сөздер айтты: «Ресей — Құдай берген біздің тарихи көршіміз. Бізге дейін де тұрды, біз де тұрамыз және біздің балаларымыз осылай көрші болып, достық пен түсінушілікте тұра береді».

Орыс мәдениетінің фестивалі қонақтарын қарсы алу облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Наил Салимовтің сөздерімен ашылды. Концертті орыс халық аспаптарының оркестрі ашты. Фестивальде би, частушка және орыстың танымал ақындарының өлеңдері орындалды.

Концертке тек қана этномәдени орталықтары ғана емес, облыстың шығармашылық ұжымдары да қатысты. Жамбыл ауданынан келген «Достарым» триосы көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етті. Концерттің ең есте қаларлық сәті аккордеонның аккомпанементімен барша зал өздерінің сүйікті орыс халық частушкаларын «Частушечный наигрышта» айтуы болды.

Көрермендер тамаша концерттен ләззат алса, әртістер өз өнерлерін сыйлап, естелік сыйлықтар алды. Фестиваль соңында «Братство Сибирских казаков» және «Русская община Казахстана»  бірлестіктерінің төрағалары Виктор Таранов және Николай Авдеев қонақтарды мерекемен құттықтап, тамаша көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыстарын  білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға