Ресейдің қорғаныс вице-министрі ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды
Фото: Ресейдің қорғаныс министрлігі
Фото: Ресейдің қорғаныс министрлігі
24.04.2024 09:20
785
Ресейдің қорғаныс министрінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ресейдің Тергеу комитеті қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Ивановтың ұсталғанын мәлімдеді. Оған РФ Қылмыстық кодексінің 290-бабы 6-бөлімінде қарастырылған («Пара алу») қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша ол 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Кейбір БАҚ өкілдері Ивановтың күдікке іліккеніне бірнеше ай болғанын жазуда.
Вице-министр құрылыс келісімшарттарын жүзеге асыру кезінде қомақты пара алған деген болжам бар.
Тергеу комитеті қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр, Ресей президенті Владимир Путин мән-жайдан хабардар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға