Жаңалықтар

Ресейден көшіп кететіндер саны көбейген

Биыл жыл басынан бері Ресейден ТМД елдеріне 368 мың адам кетіп, Ресейге 294 мың адам келген. 
Ресейден көшіп кететіндер саны көбейген
Фото: Arnulf Hettrich 07.09.2022 04:34 2461

Жыл басынан бері Ресейден 419 мың адам кеткен. Алдыңғы жылдың осы мерзімінде елден кеткендер саны бұдан екі есе аз болған, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы Ресей статистика қызметіне сілтей отырып РБК басылымы хабарлады.

Олардың 80 мыңға жуығы Украинаға, 58 мыңнан астама Тәжікстанға, 49 мыңы Арменияға, 47 мыңға жуығы Қырғызстанға, 41 мыңға жуыға Қазақстанға, 38 мыңнан астама Өзбекстанға кеткен. Постсоветтік аумақтан тысқары елдер арасында Қытайға 7 мыңға жуық, Вьетнамға 5 мыңнан аса және Үндістанға 4 мың орыс азаматы барған.

Биыл жыл басынан бері Ресейден ТМД елдеріне 368 мың адам кетіп, Ресейге 294 мың адам келген. Ал алыс шетелге 50 адам кетіп, ол жақтан 27 мың адам келген. Сонда кеткендер саны келгендер санынан 97 мың адамға көп. Былтыр осы мерзімде келгендер кеткендерден 114 мың адамға көп болған.

Ресей статистика қызметінің дерегінше, жыл басынан бері Ресей халқының саны 480 600 адамға азайған. Қайтыс болғандар саны дүниеге келген нәрестелер санынан 384 мыңға артық болған. Былтыр бұл көрсеткіш 422 мың шамасында болған. Ресей бұл статистикаға аннексияланған Қырымды да қосады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға