Жаңалықтар

Ресейдегі әскери институтта 19 жастағы қазақстандық курсант қаза тапты

Ресейдегі әскери институтта 19 жастағы қазақстандық курсант қаза тапты
Фото: yandex.com 21.02.2023 12:28 806

19 ақпан күні кешке Ф.Э.Дзержинский атындағы Ұлттық ұлан әскерлерінің Саратов Әскери Қызыл Ту институтында Қазақстаннан барған 19 жастағы курсанттың денесі табылды. Бұл туралы Саратовтың бұқаралық ақпарат құралдары мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай сағат 19:00-де болған. Жігіттің денесі оқ жарақатымен табылған. Оған дейін, сағат 18:00 шамасында, жас жігіт Калашников автоматымен кезекшілікке келген. Біраз уақыттан кейін солдаттар қару-жарақты сақтау бөлмесінің алдында тараған, содан кейін курсанттар мылтықтарды тапсырулары керек болған.

Алайда курсанттардың бірі кептіру бөлмесіне кіріп, сол жерде қарудан атылған оқтың дауысы шыққан. Қайғылы жағдай абайсызда болған болуы мүмкін. 

«Бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайлары нақтыланып жатыр»,-деп түсіндірді «Саратов 24» телеарнасының тілшісіне Росгвардия өңірлік басқармасының баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға