Ресейдегі 56 компания өз кеңселерін Қазақстанға ауыстыруға ниет білдірген
Бұл туралы Үкімет басшысы айтты
Фото: 7kun.kz
Фото: 7kun.kz
19.10.2022 16:33
1133
Премьер-Министр Әлихан Смайылов ҚР Парламенті Мәжілісі отырысының аясында өткен брифинг барысында шетелдік компаниялардың Қазақстанға келуі туралы айтты, деп хабарлайды El.kz
"Үкімет аймақтық өндірістері мен кеңселерін көшіруді егжей-тегжейлі зерттеу үшін 300 ірі фирма тізімін жасады. Бүгінгі таңда 56 компания біздің елімізде жұмыс істеуге ниет білдіріп отыр. Олардың орналасу шарттары, уақыты және орны бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазақстанға «көшіп келген» компаниялар арасында Honeywell, inDriver, Fortescue, Marubeni және басқалары бар", - деді Әлихан Смайылов.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 8,9 %- ға артты
Келесі жаңалық
Анасын өртеп жіберген ер адам түрмеде отырмайтын болды