Ресейде жол апатына түскен 7 қазақстандық елге жеткізілді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
07.01.2025 12:30
614
Жол-көлік апаты «Самара - Большая Черниговка» тас жолында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына шұғыл түрде алты жедел жәрдем бригадасы жолға шықты.
6 қазақстандық, оның ішінде 2 бала санитарлық көліктің көмегімен Оралға жеткізілді.
Тағы біреуін төтенше жағдайлар департаментінің бригадасы жеткізді.
Зақымдар мен жарақаттардың ауырлығын ескере отырып, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін бригадалардың құрамында балалар мен ересектер травматологтары, хирургтар, нейрохирург, реаниматолог, 6 фельдшер болды.
Апаттан зардап шеккендерде мидың шайқалуы, аяқ-қолдардың, жамбас сүйектерінің, омыртқаның сынуы, көгеру, гематома және орташа ауырлық дәрежесіндегі көптеген жарақаттар тіркелді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтаудағы ұшақ апаты: Бразилия "қара жәшіктерді" зерттеп болды
Келесі жаңалық
Шымкентте 23 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі