Ресейде ұшақ апатынан қайтыс болғандардың аттары белгілі болды

Фото: sledcom.ru
Фото: sledcom.ru
24.08.2023 09:08
1888
Ресей Федерациясы Тверь облысы, Куженкино елді мекенінің маңында Embraer ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
"МНТ-Аэро" компаниясына тиесілі ұшақ Шеремьетево әуежайынан Санкт-Петербургке бет алған. Бортта 3 пилот пен 7 жолаушы болды, барлығы қаза тапты.
Росавиация көз жұмған 10 адамның тізімін жариялады. Олардың арасында «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин де бар.
Ұшақ апатынан көз жұмғандар тізімі:
- Евгений Пригожин;
- Дмитрий Уткин;
- Сергей Пропустин;
- Евгений Макарян;
- Александр Тотмин;
- Валерий Чекалов;
- Николай Матюсеев;
- Алексей Левшин (әуе кемесінің командирі);
- Рустам Каримов (екінші пилот);
- Кристина Распопова (бортсерік).
Бөлісу:

Келесі жаңалық
FlyAryatan бортында жолаушының рюкзагы өртенді