Жаңалықтар

Ресейде дамба жарылып, тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Ресейде дамба жарылып, тұрғындар эвакуацияланып жатыр
Фото: Видеодан алынған кадр 05.04.2024 23:17 821

Ресейдің Орынбор облысына қарасты Орск қаласында дамба жарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шұғыл қызмет көрсету өкілдері 4 мыңдай жеке тұрғын үй су астында қалуы мүмкін деп отыр. Ал бұл үйлерде 10 мыңға жуық адам тұрады. Сондықтан жергілікті халыққа шұғыл түрде құжаттары мен ең қажетті заттарын алып эвакуацияға дайындалу керектігі ескертілді. Қазір су басқан аймақтан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүріп жатыр.

Дамбы жарылуы мен Орал өзенінің арнасынан шығуына байланысты Гагарин, Строитель, Докучаев көшелерінің тұрғындарына бірден құжаттарын жинап, уақытша орналасу пунктіне эвакуациялану қажет, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға