Жаңалықтар

Ресейде бірнеше әйел алуға қайтадан тыйым салынды

Ресейде бірнеше әйел алуға қайтадан тыйым салынды
Фото: © Freepik.com 24.12.2024 11:58 321

Ресей Мұсылмандарының Діни басқармасы ғұламалар кеңесі Ресей Бас прокуратурасының ұсынысы негізінде көп әйел алуға рұқсат беретін пәтуаның күшін жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы кеңес төрағасы Шамиль Аляутдинов Telegram-каналында хабарлады.

Оның айтуынша, пәтуа Бас прокуратураның оны жоюға шақырған мәлімдемесі мен ресейлік қоғамның реакциясынан кейін кері қайтарылған.

Бұл - Алланың қалауы, сондықтан Ресей Мұсылмандарының Діни басқармасы ғұламалар кеңесі бұл мәселе бойынша пікірталасқа түсудің мәні жоқ деп санайды, - деді Аляутдинов.

Бұған дейін Ресей мұсылмандары діни басқармасының теологтар кеңесі ерлерге төрт әйел алуға рұқсат бергенін жазған едік.

Ер адам бір уақытта екінші, үшінші, тіпті төртінші діни некесін қия алатыны туралы шешім қабылданды. Егер әйел денсаулығына байланысты бала туа алмайтын болса, не ол репродуктивті жастан асып кетсе, не бала туудан бас тартса, не арада жыныстық сәйкессіздік болса, онда ер адамға бірнеше әйел алуға рұқсат беріледі, – деді Мәскеу мүфтиі және РМДБ төрағасының орынбасары Ильдар Аляутдинов РИА Новости сайтына берген сұхбатында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға