Ресейде бес адам белгісіз заттан уланып, қайтыс болды
![Ресейде бес адам белгісіз заттан уланып, қайтыс болды Ресейде бес адам белгісіз заттан уланып, қайтыс болды](/storage/storage/element/2024/05/10/mainphoto/103142/1200xauto_HmAIMGluU7kv40mkPmAtzrug29pULUB1m93nh2RB.jpg)
Астрахань облысында бес адам белгісіз заттан қайтыс болды. Тағы 14 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
8 мамырдан 9 мамырға қараған түні Астрахань қаласының Советский және Трусовский аудандарында әртүрлі жерлерден, соның ішінде көліктен 18-ден 40 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдердің денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың барлығы есірткі пайдаланған.
Бес адамның өліміне байланысты РФ Қылмыстық Кодексінің 109 бабы, 3 бөлігі бойынша (абайсызда екі және одан да көп адамды өлтіріп алу) қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Астрахань облысының Тергеу комитеті тергеу басқармасының баспасөз қызметі.
Астрахань облысына жақын орналасқан қала мен аудандардың 14 тұрғыны ауруханаға жеткізілген. Олардың 11-інің жағдайы ауыр және қазіргі уақытта ауруханада жатыр.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)