Жаңалықтар

Ресей қазақстандық студенттер үшін білім гранттарының санын көбейтеді

Ресей қазақстандық студенттер үшін білім гранттарының санын көбейтеді
Фото: Үкімет 30.01.2025 12:35 196

Бұл туралы Астанаға келген Ресей Федерациясы Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сапарымыз барысында көрсетілген дәстүрлі қонақжайлылық пен іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғысымды білдіремін. Ресей президенті Владимир Путиннің сәлемі мен жылы лебіздерін жеткізуге рұқсат етіңіздер. Қазақстан біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз болып табылады. Екі ел арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік, өзара құрмет пен ортақ мүдделерді ескеруге негізделген, – деп атап өтті Михаил Мишустин.

Ресей үкіметінің басшысы екі ел арасындағы маңызды міндеттерді де сөз етті.

Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Енді біздің міндетіміз – үкіметтеріміздің бұл келісімдерді толық әрі уақытылы орындауын қамтамасыз ету, – деді ол.

Сондай-ақ, Ресей премьер-министрі мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың да қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Қазақстанда Мәскеу университеттерінің филиалдары жұмыс істейді, ал Ресейде 60 мыңға жуық қазақстандық студент білім алуда. Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің келісімі бойынша білім гранттарының саны 100-ге артып, 800 стипендияға жетті. Бұл қадамды толығымен қолдаймыз, – деді Ресей үкіметінің басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға