Ресей Қазақстанда 3 жылу электр орталығын салады

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
09.11.2023 18:35
1463
Ресей тарапының қатысуымен Қазақстанда 3 жылу электр орталығы салынады. Бұл туралы Қостанайда өтіп жатқан XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ресей тарапы Қазақстанда 3 жыл электр орталығы жобасын жүзеге асыруға қатысады. Тиісті құжатқа бүгін қол қоямыз. Елдер арасындағы әуе байланысын да кеңейтеміз. Атап айтқанда, Новосібір мен Челябіге QAZAQ AIR әуе рейстерінің санын арттыруды келісеміз, - деді Серік Жұманғарин.
Бұған дейін Ресей Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде оқытатын бірнеше мектеп салуды жоспарлап отырғанын жазған едік.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Каратэшілер Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды