Жаңалықтар

Ресей Қазақстан үшін сенімді дос - Үкімет басшысы

Ресей Қазақстан үшін сенімді дос - Үкімет басшысы
Фото: Үкімет 30.01.2025 12:05 223

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Үкімет үйінде кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олжас Бектенов бүгінгі жиын 2025 жылдың алғашқы басқосуы екенін атап өтіп, өткен жылғы бірлескен жұмыстың қорытындыларын шығарып, алдағы жоспарларды айқындады деп айтты.

Сондай-ақ Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Михаил Мишустинді құттықтап, Ресейдің Қазақстан үшін негізгі стратегиялық серіктес әрі сенімді дос екенін ерекше атап өтті.

Қазақстан өңірлер арасындағы және шекара маңындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Уфадағы өңіраралық XX мерейтойлық ынтымақтастық форумының қорытындыларын оң бағалап отырмыз. Келесі форумды биыл Қазақстанда, Орал қаласында өткізу жоспарланған, - дейді премьер-министр.

Келіссөздер барысында екі ел арасындағы сауда көлемін 30 миллиард долларға дейін ұлғайту және қол жеткізілген келісімдерді іс жүзінде жүзеге асыру қажеттілігі талқыланды.

Ресей Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі болып есептеледі. 2023 жылы өзара тауар айналымымыздың көлемі өсіп, 27,1 млн доллар болған. Өткен жылдың 11 айында да өзара сауда жақсы нәтиже көрсетіп, 24,2 миллиард доллардың межесіне жетті,- деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Қазақстанға үш күндік іс-сапармен келді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға