Жаңалықтар

Ресей мен Украина әскери тұтқындармен алмасты

Ресей мен Украина әскери тұтқындармен алмасты
Фото: X-Account Volodymyr Zelenskyy 20.04.2025 00:23 189

Ресей мен Украина әскери тұтқындармен алмасу рәсімін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нәтижесінде Украинаға 277 адам қайтарылды, оның ішінде 246 әскери қызметкер — ресми алмасу аясында, ал тағы 31 жараланған жауынгер — рәсімнен тыс босатылған. Қайтарылғандардың басым бөлігі — 2000 жылдан кейін туған жас сарбаздар, деп хабарлады Украина тарапындағы Координациялық штаб.

Бүгін 2022 жылдың мамырынан бері тұтқында болған әскери қызметші өз отбасымен қауышады, – делінген украин тарап таратқан мәліметте.

Сондай-ақ штаб бұл алмасудың биылғы төртінші, ал Ресейдің толыққанды басып кіруі басталғалы 63-рет өткізілген алмасу екенін атап өтті. 2022 жылдың наурызынан бері Украина жалпы саны 4552 әскери қызметкерін елге қайтарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға