Репрессия құрбандарының 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкасы құпиясыздандырылды
Фото: © El.kz/Арман Мухатов
Фото: © El.kz/Арман Мухатов
18.09.2023 09:42
899
Қазақстанда 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкалары құпиясыздандырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратура мәліметінше, 251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент мұрағатына өткізілді, кейіннен олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.
65 мың іс жыл соңына дейін сонда өткізіледі.
311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарынан ақталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды