Рената Евсеева: «Сенің дауысың – сенің болашағың!» ұранын дұрыс түсіну қажет
2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін ҚР Президенті сайлауын қолдауға арналған «Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы басталды.2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін ҚР Президенті сайлауын қолдауға арналған «Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы басталды. Бұл байқау «El.kz» әлеуметтік желісінің базасында жүзеге асып жатқанын оқырман жақсы біледі. Осы байқауға Талдықорған қаласының тұрғыны Рената Евсеева да атсалысып, өзінің пікірлерімен бөлісті.
«Алдағы ел Президентінің сайлауы – бұл ірі саяси оқиға ғана емес, бұл әр қазақстандыққа республиканың болашақта дамуына өз үлесін қосуға берілетін мүмкіндік. Сондықтан «Сенің дауысың – сенің болашағың!» ұранын дұрыс түсіну қажет. Отанға деген махаббат ел мүддесін өзіңдікінен жоғары қою, яғни өз елің үшін қолдан келгеннің барлығын жасау деген сөз. Бұның барлығы мені аталмыш байқауға қатысуға итермеледі», – дейді Рената.
