Референдумды қолдау жөнінде кездесу өтті
М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ Университеті базасында Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының бастамасымен референдумды қолдау жөніндегі республикалық штаб мүшелерінің заң факультеттерінің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамымен кезекті кездесуі өтті.
Отырыс қатысушылары Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы мүшелері: «Тұран-Астана» университетінің ректоры, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Жапарова Гүлжамал Әлкенқызы, Еуразия гуманитарлық институты ректорының міндетін атқарушы Исмаилов Амангелді Жақсылықұлы, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Башимов, КазГЮУ заң факультеттерінің профессорлық-оқытушылар құрамы елімізде референдум 1995 жылдан бері өткізілмегенін атап өтіп, осы жолғы Конституциялық жобадағы үлкен өзгерістерді, оның ішінде суперпрезиденттік басқару нысанынан классикалық түрдегі президенттік басқару жүйесіне көшу тәрізді маңызды мәселелерді өзара талқылады.
Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Башимов өз сөзінде алдағы референдумның және Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығын қоғамда, оның ішінде еңбек ұжымдары ашық пікір алмасу нысанында түсіндіру жұмыстары жүргізілуінің маңыздылығын атап өтті.
«Азаматтар мемлекеттік билікті атқаруға қатысуға беріліп отырған мүмкіндіктерді, өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында беріліп отырған мүмкіндіктердің мәнін терең түсіне отырып, референдумға белсене қатысады деп ойлаймын», - деді ол.