Жаңалықтар

Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы құрылды

Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы құрылды
06.05.2022 16:05 2634

Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласында үкіметтік емес, ұйымдардың, ардагерлер қоғамдастығының, түрлі қауымдастықтар мен саяси партиялардың белсенді өкілдерінің қатысуымен отырыс өтті.

Қатысушылар конституциялық түзетулерге және Президенттің бүкілхалықтық референдум өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. Азаматтық белсенділер өз сөздерінде Референдумды қоғамдық қолдау републикалық штабының құрылғанын жариялады.

Брифингке қатысушылар ұсынылған конституциялық реформалардың қабылдануымен елдегі саяси плюрализм мен бәсекеге қабілеттті демократиялық ортаны дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалатынына сенімді екендіктерін атап өтті. Осыған байланысты Республикалық штаб конституциялық реформалардың негізгі ережелерін кеңінен түсіндіруді ұйымдастырумен айналысады.

Жұмыс еліміздің барлық өңірлеріндегі әртүрлі атаулы топтармен жұмыс жүргізілетін болады. Бұл үшін Республикалық штабқа кірген ұйымдардың желілік құрылымын ескере отырып, оның өкілдіктері барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға