Жаңалықтар

Референдум үкіметтің халықпен үнемі ашық диалогта екенін байқатты – ТМҰ өкілі

Референдум үкіметтің халықпен үнемі ашық диалогта екенін байқатты – ТМҰ өкілі
Фото: ©El.kz/Айнұр Оспанова 07.10.2024 12:03 9037

Бүгін референдум аясында ұйымдастырылған шетелдік бақылаушылардың брифингінде дауыс берудің қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Түркі мемлекеттерінің ұйымы бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров ұйым байқаушылары миссиясының қорытындысын айтып өтті.

Түркі мемлекеттерінің ұйымы өз мандатына сәйкес миссияны жүргізді. Миссия құрамына 11 адам кірді. Мәселен, ТМҰ хатшылығы, парламентарийлер мен үкімет өкілдері қатысты. Сонымен қатар ОСК өкілдері кірді. ТМҰ мүше мемлекеттері өзінің жұмысын ҚР ұлттық заңнамасына сәйкес жүргізді. Миссияны ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров қарсы алды. Айта кету керек, 127 халықаларық байқаушы аккредитациядан өтіп, 200 шетелдік журналист тіркелген болатын. 74 сайлау учаскесі жасақталды. Рефрендумда 24 сайлау комиссиясының учаскесінде болып, сайлау учаскелерінің дайындығына көз жеткіздік, - деді ол.

Сади Джафаровтың айтуынша, дауыс берушілерге құқықтары жайлы толық ақпарат берілді. Жергілікті және халықаралық байқаушылар процеске қатыса алды. Транспаренттік қамтамасыз етілді. Сайлау процесі дұрыс жүргізілді. Ешқандай заңбұзушылықтар байқалмады. Дауыс беру рәсімдері ашық түрде және нормаларға сәйкес жүргізілді. Заңсыз түрде әкімшілік немесе құқық қорғау органдарының бұл процеске араласуы байқалмады. Ешқандай кедергілер мен заңсыз әрекеттер болмады.

Дауыстарды санау процесі бір сайлау учаскесінде бақыланды, барлығы ҚР заңына сәйкес болды деп сендіреміз. Референдум ашық әрі транспарентті түрде өткізілді. Референдум Үкіметтің азаматтық қоғаммен стратегиялық мәселелер бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін көрсетті. Халықпен үнемі диалогта жүретіні байқалды. Миссия Қазақстан Республикасының халқын референдумның табысты өткімен құттықтайды, - деп қорытындылады шетелдік байқаушы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға