Референдум: елордалықтар сайлау учаскесін қалай біле алады

Фото: Астана қалалық әкімдігі
Фото: Астана қалалық әкімдігі
03.10.2024 15:02
657
Қазақстанда АЭС салу бойынша жалпы республикалық референдум 6 қазанда өтеді. Елорда тұрғындары өз сайлау учаскесі туралы ақпаратты үйден шықпай-ақ, бірнеше әдіспен біле алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, өз сайлау учаскесі туралы мәліметтерді жылдам алуға болады. Оны мына жолдармен жасауға болады:
- Ресми веб-қызмет: https://referendum.astana.kz/
- Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/referendum_astana_bot
- IKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 телефоны бойынша
- «Smart Astana» мобильді қосымшасында «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу». Қосымшаны App Store немесе Google Play арқылы жүктеп алыңыз.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда алғаш рет Enactus World Cup 2024 өтуде
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді