Жаңалықтар

Референдум АЭС-ке қатысты нақты әрі дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді - сарапшы

Референдум АЭС-ке қатысты нақты әрі дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді - сарапшы
Фото: pixabay.com 26.09.2024 17:05 626

Ядролық және радиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы Жаннұр Рамазанова елімізде АЭС салуға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма басшысы АЭС-тің елімізде салынуын қолдайтынын айтты.

Мамандар «қазірдің өзінде энергия тапшылығы байқалуда» деп топшылауда. Оның үстіне алдағы 15-20 жылда электростанциялардың тозығы жетіп, жағдай күрт өзгеруі мүмкін. Мұның алдын алу үшін мемлекет елімізде атом электр станциясын салуды ұсынып отыр. Халық қос қолдап қолдайды деген ойдамын. Жасы 18-ге толған әрбір Қазақстан азаматы референдумға қатысты ойын білдіруі керек. Сол кезде ғана нақты және дұрыс шешім қабылданатыны сөзсіз,-деді Жаннұр Рамазанова.

Сарапшының айтуынша, АЭС құрылысы бірнеше мемлекеттік органның қадағалауында болады. Сол себепті атом электр станциясы салынып, эксплуатацияға енгізілген соң, Атом энергиясы халықаралық агенттігінің қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жұмыс істейді. Қазақстанның өзі бірнеше конвенцияны қабылдап, қол қойған болатын. Оны қабылау туралы заңдары да бекітілген. Сол стандарттарға сәйкес, қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдаған «Әділетті Қзаақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауында АЭС салудың маңыздылығына тоқталып өткен болатын. Осыған орай 6 қазанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізілмек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға