Жаңалықтар

Референдумға қатысты соңғы деректер мәлім болды

Референдумға қатысты соңғы деректер мәлім болды
05.06.2022 23:24 1443

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан 16 сағаттық «Референдум» атты онлайн марафонда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман референдум бойынша соңғы деректерді мәлімдеді,- деп хабарлайды El.kz Baq.kz сілтеме жасап.

– Елорда уақыты бойынша сағат 22.00-дегі Орталық референдум комиссиясы хабарлаған деректер бойынша мемлекетіміздің барлық учаскесінде және 25 шетелдік учаскеде дауыс беру аяқталды. Шетелдік 40 учаскеде дауыс беру әлі жалғасып жатыр, – деді ол. 

Облыс, республикалық маңызы бар қалалар және елорданың аумақтық комиссиялары ұсынған алдын ала жеткен жедел деректерге сәйкес, аймақтағы азаматтардың келуі келесі цифрларды көрсетті:

Ақмола облысы – 73,81%;

Ақтөбе облысы – 58,06%;

Алматы облысы – 72,83%;

Атырау облысы – 67,68%;

Батыс Қазақстан облысы – 69,37%;

Жамбыл облысы –  69,59%;

Қарағанды облысы – 77,39%;

Қостанай облысы – 72,28%;

Қызылорда облысы – 79,89%;

Маңғыстау облысы – 61,19%;

Павлодар облысы – 75,53%;

Солтүстік Қазақстан облысы – 75,49%;

Түркістан облысы – 80,66%;

Шығыс Қазақстан облысы – 77,49%;

Нұр-Сұлтан қаласы – 57,06%;

Алматы қаласы – 33,30%;

Шымкент қаласы – 72,53.

– Жалпы еліміз бойынша референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне 11 734 642 адам енгізілді. Оның ішінде 8 030 739 азамат бюллетень алып, дауыс беруге арналған тізімге енгізілген азаматтардың 68,44 пайызын құрады. Референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Аумақтық комиссиялардың электронды түрде қорытындысын күтеміз, – деді Мұхтар Ерман.

Айта кетейік, дауыс берудің алдын ала қорытындылары брифингте ұсынылады, оның уақыты қосымша жарияланады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға