Жаңалықтар

«Реал Мадридте» Килиан Мбаппені таныстыру рәсімі өтті

«Реал Мадридте» Килиан Мбаппені таныстыру рәсімі өтті
Фото: instagram.com/realmadrid 16.07.2024 18:18 649

Франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе Мадридтің «Реал» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

16 шілде күні «Сантьяго Бернабеу» стадионында футболшыны ресми таныстыру рәсімі өтті.

Мбаппе өзін көруге келген 80 мың адамның алдында бала күнгі арманы орындалғанын айтып, көз жасына ерік берді. Сөйтіп мадридтік клубтың жейдесін сүйді.

Арманым орындалды. Бала кезімде әр түн сайын «Реал» жайлы армандап көз ілетінмін, бүгін сол арманым шындыққа ұласты. Дәл қазір менен асқан бақытты жан жоқ шығар, сірә? Сенім білдірген Флорентино Переске алғыс айтқым келеді, – деді «Реалдың» су жаңа ойыншысы.

«Реал» 25 жастағы Мбаппемен бес жылдық келісімшартқа отырған. Шабуылшы «корольдік» клуб сапына еркін агент ретінде ауысты. Бұған дейін ойнаған ПСЖ сапында ол бес рет Франция чемпионы, үш дүркін Кубок және Суперкубок иесі атанған. Одан қалды екі рет Лига кубогында топ жарды.

Ал Франция құрамасымен 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, 2022 жылғы Катарда күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ 2021 жылы Ұлттар лигасында чемпиондық атақты еншіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға