Жаңалықтар

«Реал Мадрид» футболшылары мінген автобус жол апатына түсті

«Реал Мадрид» футболшылары мінген автобус жол апатына түсті
Фото: © El.kz 13.02.2024 14:57 1087

Испаниялық «Реал Мадрид» клубы Чемпиондар лигасы аясында германиялық «Лейпциг» командасына қарсы ойын өткізу үшін жолға шыққан еді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бірақ Лейпциг әуежайындағы жұмысшылар ереуіліне байланысты футболшылар мен жаттықтырушылар мінген ұшақ басқа қалаға қонып, Лейпциг қаласына автобуспен жетпек еді.

Айхельборн мен Нора елді мекендерінің арасындағы автожолда жеңіл автокөлік пен мадридтік клубтың автобусы соқтығысқан. Екі жақ келісімге келген соң, сапарларын жалғастырған.

Еске салайық, «Реал Мадрид» пен «Лейпциг» арасындағы матч Астана уақытымен сағат түнгі 02:00-де басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға