Жаңалықтар

Рауан ОҚАСОВ: "Бәрін қойып, тек бокс жүргізгім келеді!"

Қазақ спорт комментаторларына "Журналистер күні" (Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні) қарсаңында алты сұрақ жолдап отырмыз.
27.06.2014 10:22 4654

Қазақ спорт комментаторларына "Журналистер күні" (Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні) қарсаңында алты сұрақ жолдап отырмыз. Өйткені, қазір футболдан Әлем чемпионатының ең қызған шағы. Көрермен қазақ комментаторларының әр сөзін бағып, сынын да, құрметін де жеткізіп жатыр. Осыған байланысты бүгінгі қазақ комментаторларының аз-маз пікірлерін білуді жөн санадық. Белгілі спорт комментаторы, «Аламан» спорт порталының редакторы Рауан Оқасовтың ойын тыңдап көрдік.

Рауан ОҚАСОВ: "Бәрін қойып, тек бокс жүргізгім келеді!"

Сұрақтар:

1. Қазір отандық спорт комментаторларына көңілі толмайтындар жетерлік. Айтылып жатқан сын шаш етектен, осыған не дер едіңіз?

2. Өзіңізді кәсіби спорт комментаторымын деп есептейсіз бе?

3. Футболдан алғаш Әлем чемпионатын жарыстың басы қасында жүріп жүргізу қаншалықты артықшылық, қаншалықты жетістік?

4. Бізге комментаторларды даярлайтын мектеп керек пе?

5. Ресей комментаторларынан кімді үлгі тұтасыз?

6. Салалық спорт түріне қарай бейімделуге қалай қарайсыз? Бізді құртатын осы «әмбебаптық» емес пе?

Жауаптар:

1. Қазақ комментаторларын сынау өте орынды. Өйткені бізде енді ғана спорт комментаторлар тобы қалыптасып келеді. Олқылықтар көп. Бәріміз кәсіби емес, әуесқой деңгейдеміз. Сондықтан бізге айтылған сынның бәрін дұрыс қабылдауымыз керек. Әсіресе, көрерменнің пікірін дұрыс қабылдап, санасуымыз қажет.

2. Өзімді кәсіби комментаторлар қатарына жатқыза алмаймын. Мен спорттық репортаждарды ләззат алу үшін ғана жүргіземін. Ал спорт журналистикасында атқарып жүрген еңбегімді кәсіби деп бағалай аламын.

3. Әлем чемпионатының басы-қасында жүріп, репортаж жүргізуді біз қазір ғана емес, осыдан 8 жыл бұрын бастап кетсекте болар еді. Оған мүмкіндігіміз бар болатын. Тек түсінгісі келмейтін басшылық ақша үнемдеудің жолында жүрді. Былай қарасақ, әлем чемпионаты кезінде телеарналар жарнамадан қыруар қаржы табады. Соның 3 пайызын ғана бөлетін болса, біздің комментаторлар мен тілшілер тобы Германиядан, Африкадан хабар тарататын еді. Артта қалып келеміз. Мен үшін бұл ешқандай жаңалық та, жетістік те емес.

4. Бізге комментаторлар даярлайтын мектептің қажеті жоқ. Теледидарды қоста, қазақ комментаторларының жүргізгенін үнемі тыңдай беру қажет. Ақырындап саған да жұғады. Үш айлық курсты оқып алған адамнан комментатор шықпайды. Ол үнемі әлемде болып жатқан спорт жарыстарын назарда ұстауы қажет. Кем дегенде он жылдан бері өзі жүргізгісі келетін спортты тамашалап, статистикаларын білгені жөн. Интернетте дайын нәрсе жоқ. Репортаж барысында көргеніңнен, түйгеніңнен мысалдар алғаның абзал. Және әдеби шығарма оқымайтын, қоңыр дауыс бұйырмаған адамға комментатор болу әсте қиын.

4. Үйде ресейлік арналар болмаған соң, ресейлік комментаторларды тыңдап өспедім. Барларда футбол көргенде, ресейлік комментаторлардың сайрап жатқаны болмаса, матчты кім жүргізіп жатқанына аса мән бермейді екенмін. Былай есімдерін естігенім болмаса, үлгі тұтатындай жағдай болған жоқ.

6. Бәрін қойып, тек бокс жүргізгім келед!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға