Жаңалықтар

«Рақмет, аға». Алматыда ер адам өзенге құлаған баланы құтқарып қалды

«Рақмет, аға». Алматыда ер адам өзенге құлаған баланы құтқарып қалды
Фото: Видеодан кадр 28.10.2024 15:10 157

Алматыда өзенге құлаған баланы жақын жерде өтіп бара жатқан ер адам құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Алматыдағы Есентай өзенінде 27 қазан күні болған. Бейнежазбадан ер адамның киімін шешпестен баланы судан шығарып алғанын көруге болады. Сонымен қатар, судан шошып қалған баланың «рахмет, аға» деп алғыс айтқаны да естіледі.

Барлығыңызға рахмет! Сіздерге де Алланың нұры жаусын! Менің орнымда басқа бір адам болғанда да осылай жәрдем беріп, батып жатқан бүлдіршінге алғашқы көмегін беріп, қолынан келгенін аямайтыны анық, - деп жазды құтқарушының өзі.

Құтқарған ер адамның сөзінше, бала лай суды көп жұтып қойған.

@xan_0911 Сойтип 1 Периштеге Себепкер Болып Калдык😂#Алматы#ИншАллах🤲🏻 ♬ оригинальный звук - Xan_0911
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға