Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы министрдің орынбасары атанды

Фото: t.me/ru2ch
Фото: t.me/ru2ch
13.11.2023 15:51
1202
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы Ахмат министрдің дене шынықтыру, спорт және жастар саясаты жөніндегі бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
8 қарашада Ахмат 18 жасқа толды. Бұл тағайындау туралы ресми хабарланған жоқ, бірақ Рамзан Қадыров өзінің телеграм-парақшасында марапттар туралы жазғанда ұлының жаңа лауазымын нақтылай кеткен.
Бұған дейін бұл лауазымды Хусейн Абдулкаримов атқарған. Дегенмен 8 қарашадан бастап оның қызметі спорт министрінің орынбасарына дейін төмендетілген.
Бұған дейін Рамзан Кадыровтың 15 жасар ұлы Адамға атақ берілгені туралы жазғанбыз.
Бөлісу:
