Жаңалықтар

Рак ауруына алып келетін қарапайым әрекеттер

Рак ауруына алып келетін қарапайым әрекеттер
Фото: © Pixabay.com 15.12.2023 14:55 18144

Өркениет біздің өмірімізді тек жақсартып ғана қоймай, денсаулығымызға біршама зиянын да тигізіп келеді. Дегенмен, әрбір адам өзін күтіп, кез келген аурудың алдын алса, ешқандай қауіп жоқ.

Дамыған елдерде өмір сүру деңгейінің жоғары болуына қарамастан, адамдар ракпен 1,8% жиірек ауырады. Меланома, бүйрек рагы және Ходжкин лимфомасының көрсеткіші дамушы елдерден үш есе артық.

Батыс елдері тік ішек пен сүт безі рагы бойынша көш бастап тұр. Өмір сүру деңгейі төмен елдерде 25% қатерлі ісікті папиллома вирусы, Эпштейн-Барр, 8 түрлі герпес және басқалары шақырады. Дамыған медицинада инфекцияны жеңу тәсілдері табылып жатқанына қарамастан, ракпен ауру жиілеп барады. Вирустан бөлек, нашар экология, салаутты өмір салтын сақтамау сияқты мәселелер обыр дертін одан ары ушықтырып келеді.

Рактың пайда болуына не әсер етеді?

Физикалық белсенділік жетіспейді

Дүние жүзі бойынша ересек адамдардың 31%-ы аз қимыл жасайды, сондай-ақ, өмір сүру деңгейі жоғары мелекеттерде физикалық белсенділік дамушы елдерге қарағанда кәдімгідей төмен екен. Өз кезегінде физикалық белсенділік көкірек рагын 25%-ға, тік ішек рагын 40-50%-ға төмендетеді.

Ғалымдар физикалық іс-қимылдың қалайша рактың дамуын тоқтататынын әлі толық зерттеген жоқ. Тек төмендегідей болжамдар бар:

  1. Белсенділік жыныс пен метоболикалық гормондарды өндіруге ат салысады. Ал аналық без рагы эстрогендерді өндіру төмендігіне тікелей байланысты екен.
  2. Физикалық қимыл-қозғалыс ішектің жиырылуына әсер етеді. Тамақтар онда көпке сақталмайды. Осының арқасында ішек артық ауру-сырқаудан аман болады.
  3. Қимылдың аз болуы инсулинге деген сезімталдылықты нашарлатады. Ал бұл өз кезегінде ісікке жақсы жағдай жасауы мүмкін.
  4. Физикалық белсенділік тірі және өлі обыр жасушаларына тән емес иммунитетті жоғарлатады. Ал ол рак жасушаларын жоюға көмектеседі.
  5. Белсенділік салмақты түсіріп, оны бірқалыпты ұстауға ықпал етеді.

Дәрігерлер кем дегенде аптасына 5 күн 30 минут физикалық жұмыстар жасауға кеңес береді.

Семіздік пен артық салмақ

Семіздікпен алысып жүрген адамдарда көбінесе асқорыту жолдарындағы рак, қалқанша без, бауыр, бүйрек, өт рактары кездеседі, ал әйелдер көкірек пен жатырдағы обырмен күресіп жатады.

Ғалымдарды тағы да «семіздік қалайша рак шақырады?» деген сауал мазалап келеді. Олар әлі күнге дейін бұл сұрақтың жауабын тапқан жоқ. Бірақ, мынандай үш себебі болуы мүмкін дейді:

  1. Гормональды фон өзгереді. Май гормондарды босатқандықтан, жасушалар оларды жиі бөлісуге тура келеді. Осыдан олар өзгеріске ұшырап, рак ауруының дамуына жол ашады.
  2. Май мен иммунды жасулашалары өсіп, қабынуға ұшыратуы ғажап емес. Иммунды жасушалар қабынуға апаратын цитокинді өндіреді. Мұны жасушалар тез бөлісіп, ракқа жеткізуі мүмкін.
  3. Жыныс гормондары. Май жасушалары әйелдер жыныс гормоны эстрогендері босатады. Оның көп өндірілуі көкірек пен жатыр жасушаларына кері әсерін береді.

Қуырылған және тұздалған тамақтарды көп қолдану

Фастфуд, тұздалған, маринадталған және қуырылған ет канцерогендерді бойында сақтағандықтан, рактың дамуына жол ашады. Етті жоғары температурада пісіру зиян екенін естуіңіз бар ма? Ет 100 °C-та қуырылса, онда зиянды заттар мөлшері аз болады, ал  150 °C канцерогендерді арттырады.

Рактан қорғайтын бірнеше тағамдар бар. Олар: сары және жасыл көкөністер, цитрусты жеміс-жидектер, күнжіт майы.

Сондықтан:

  1. 100–150 °C градуста ет қуырмаңыз, қаншалықты төмен температурада піссе, соғырлым еттің құрамында зиянды заттар жиналмайды.
  2. Ас мәзіріңізден маринадталған азық-түлікті, тұздалған балықты алып тастаңыз. Тамаққа аз тұз қосқан дұрыс.
  3. Көкөніс пен жеміс-жидекті көбірек пайдаланыңыз.
  4. Салатқа күнжіт майын қосыңыз.

Зиянды әдеттер

Алкоголь

Алкогольды сусындар ауыз қуысындағы, жұтқыншақ пен көмейдегі ракты тудырады. Сол сияқты тоқ ішектегі обырдың пайда болуына итермелейді, ал әйелдерде аналық без рагына апаруы мүмкін.

Алкоголь неліктен рак шақыратыны туралы бірнеше болжамдар бар:

  1. Алкогольдың ацетальдегид секілді бірнеше метоболиттері концергенді болуы ғажап емес.
  2. Алкоголь простагландиндердің санын өсіреді, майлардың асқын тотығуын шақырады.
  3. Алкоголь жасушаларға канцерогендерді кіргізеді.

Темекі шегу

Өкпе рагын тудыратын бірден-бір зиянды әдет - темекі тарту. Ер адамдардағы өкпе рагының 80 %-ы, ал әйелдердің 50 %-ы осы зиянды затпен тікелей байланысты. Шылым тек  өкпені "жейді" екен деп қалмаңыз, зерттеушілер оның кесірінен 15 түрлі обырдың пайда болу қаупі барын айтып дабыл қағып отыр. Оның қатарында өңеш, қуық, ұйқы безі мен бауыр рактары бар.

Темекі түтінінде 80 түрлі танымал мышьяк, кадмий, аммиак, формальдегид секілді концерогендер бар. Бұл заттар жасушалардың өлімі мен мутациясына апарады. Сондай-ақ, күнделікті темек тарту каротин, криптоксантин және аскорбин қышқылы секілді антиоксиданттардың көрсеткішін төмендетеді, ал олар болса стресті тотықтандырып, жасушалардың бұзылуына жауап береді.

Организм темекі тарту күйзелісіне қарсы тұра алады, бірақ сіз күніне бірнешеуін шегіп оның жұмысын айтарлықтай ауырлатасыз.

10 жыл күніне 2 тал темекі тартқан, 5 жыл бір қорабын тартқаннан да зияндырақ.

Сол үшін темекінің санын азайтып, күресемін деп ойламаңыз. Есте сақтаңыз: ұзағырақ шегу арқылы сіз өз денсалуғыңызға айтарлықтай зиян келтіріп жатырсыз.

Күйзеліс

Қазіргі қоғамда күйзеліске түсу қалыпты жағдай болып кетті. Қызу жұмыс пен түрлі көңіл-күйді түсіретін жағдаяттар сіздің денсаулығыңызға біраз зиян келтіріп жатқанын білесіз бе? Стресс рактың туу қаупін жоғарлатып, оның дамуына керемет жағдай жасайды. Күйзеліс гормондары (норадреналин мен адреналин) миграцияға стимул беріп, жасушаларға күштеп кіргендіктен, организмге таралуы жоғарылайды. Сондай-ақ, күйзеліс иммунитетті қатты төмендетеді, сол үшін ағза бұзылған жасушаларды қалыпқа келтіре алмай қалады.

Ешбір адам рактан 100% қорғана алмайды. Әрдайым оны тудыратын, адам еркінен тыс белгілі бір себептер шығып тұруы мүмкін. Мысалы,  генетикалық бейімділік немесе ластанған экология. Бірақ, барлық нәрсе тек өзімізге байланысты екенін естен шығармаған жөн.

Тек 5–10% рак ғана бізге ата-анамыздан келеді. Ал қалғандары біздің бұзылған жасушалармыздың кесірінен орын алады.

Қатерлі ісікке қарсы ең дұрыс профилактиканы ұсынамыз:

  1. Әр күніңізге 30 минут аэробты жаттығуларды енгізіп қойыңыз. Кем дегенде жетісіне 5 күн шұғылданыңыз. 
  2. Бойыңыз бен салмағыңыз үйлесетіндей болсын. артық не кем салмақ бірнеше аурудың алғышарты іспеттес.
  3. Көкөніс пен жеміс-жидек көбірек жеңіз. Ал тұзды тамақтарды ас мәзірінен сызып тастаңыз. Ет пен балықты ең жоғары дегенде 100 °C-та әзірлеңіз.
  4. Темекі шекпеңіз, сол сияқты алкогольдан да бас тартыңыз.
  5. Күйзеліске апаратын жолдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Стреспен күресуді үйреніңіз.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға