Жаңалықтар

Рак ауруы «жасарып» бара ма?

Рак ауруы «жасарып» бара ма?
Фото: © Pixabay.com 06.02.2024 19:11 2963

Елімізде соңғы 20 жылда рак ауруына шалдыққандар саны 25%-ға артқан, ал өлім-жітім 33%-ға төмендеген. Қазіргі уақытта онкологиялық ауруға шалдыққан 205 мың науқас бар. Жыл сайын 37 мыңнан адамнан обыр дерті анықталып жатады. Әйелдер ерлерге қарағанда біршама көп (57%-43%). Бірінші орында сүт безі рагы тұр. Жыл сайын 13 мың адам осы аурудан ажал құшады.

2023 жылы шетелдік ірі басылымдар рак ауруына көбінесе жастар шалдығып жатқанын жазды. Ол мақалаларға 2010–2019 жылдар аралығында 562 мың америкалықтарға жасалған зерттеу себеп болғандай.

Ғалымдар тоғыз жылда онкологияға шалдыққандардың жасы елуден кіші екенін байқаған. Әсіресе 30—39 жас аралығындағы адамдар қауіп тобына кірген. «Жасарып» бара жатқан рак түрлерінің ішінде ас қорыту жүйесіндегі аппендикс, ұйқы безі, ішкібауыр өзегі аталады.

Жастарды тағы қандай түрі «аяқтан шалып» жатыр

30 жасқа дейінгі адамдар қан жасушаларының қауіпті жаңатүзілімі және лимфоид тіндері, бас миының ісігі, қалқанша безі ісігі бар. Бұл топтағы адамдардың мұндай ауруға шалдығуына генетикасы әсер етеді. Яғни, ата-анасында, ата-бабаларында обыр дерті кездескен. 30–39 жастағы ер адамдар лимфа ісігі, жұлын, асқазан, бронх, өкпе рагына көбірек ұшыраса, әйелдерде жатыр мойны, сүт безі рагы, лимфа безі мен асқазан ісігі көбірек кездеседі. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдерде де тері обырына ұшырау қаупі жоғары. 30–59 жастағы адамдардың салауатты өмір салтын сақтауы басты орынға шығады. Алкоголь, темекі сияқты зиянды заттардың да тигізетін кері әсері бар.

Жаңатүзілімдердің қаупін қалай азайтса болады

Рактан сақтану генетикалық ерекшелігіне, қоршаған ортадағы канцерогендерге байланысты қиын болып тұр. Алайда, кейбір факторлардан сақтану арқылы қауіпті азайтуға болатынын ұмытпаған жөн.

Зиянды әрекеттерден бас тарту

Темекі тарту мен табакты пайдалану обырға апаратын тура жол. Табактан шыққан түтін ДНҚ жасушаларын зақымдап, онкологиялық аурулардың бірнеше түрін шақырады. Ауыз қуысындағы жаңтүзілім, өңеш, тыныс алу органдары, асқазан рагы және басқа да түрлерін тудыруы мүмкін. Ал алкоголь бауыр, көкірек рагынан бастап, өңеш, асқазан обырына әкеледі.

Артық салмақтан арылу

Артық салмақ ішек, өңеш, бүйрек, ұйқы безі, өт қабы, жатыр, етеккір үзілісінен кейінгі сүт безі рагын тудырады. Сонымен қатар, семіздік созылмалы түрлі ауруларға апарады, ол өз кезегінде онкологиялық дерттің қаупін аттырады.

Папиллома вирусына анализ тапсыру

Адам папиллома вирусы әйелдердегі жатыр мойны рагын тудыру қаупі жоғары. Қазақстанда омырау рагынан кейінгі орында дәл осы жатыр мойны рагы тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегішне, 95 % жағдайда жатыр мойны обыры адам папилломасы вирусынан туындайды екен. Елімізде он жыл бұрын АПВ қарсы вакцинация басталмай жатып тоқтап қалған болатын. 2013-2015 жылдар аралығында 17 мың адам алғашқы дозасын ғана алған. Енді вакцинацияны қайта бастау үшін шаралар қабылданып жатыр.

Aдaм пaпиллoмa виpyсы әйелдеpге өте қayiптi. Кейiнгi бес жылдa Қaзaқстaндa 2 948 әйел жaтыp мoйны oбыpынaн көз жұмғaн. Денсayлық сaқтay министpлiгi ұсынғaн стaтистикaғa сүйенсек, бұл көpсеткiш жылдaн-жылғa apтып бapaды. Кейiнгi бес жылдa 148 әйел вyльвa мен қынaп paгынaн көз жұмған.

Aдaм пaпиллoмa виpyсының oнкoгендi түpлеpi еpлеpге де зиян. 2018-2022 жылдapы жыныс мүшесi мен aнyстaғы paктaн 95 еp aдaм көз жұмғaн. Кейiнгi бес жылдa тiл, ayыз қyысы мен тaмaқ-өңеш paгынaн мың нayқaс өлген.

Скринингтен уақытылы өту

Скринигтен уақытында өту сізді қауіптен құтқарады. Немесе жаңатүзілімнің алғашқы сатысында анықтауға мүмкіндік береді.

Жатыр мойны. 30 -70 жас аралығындағы әйелдер әр төрт жыл сайын жатыр мойнына мозок тапсырып, гинекологтың тексерісінен өтіп тұруы керек;

Сүт безі. 40- 75 жас аралығындағы әйелдер әр екі жыл сайын маммографиядан өтіп тұруы тиіс.

Қуықасты безі. 45 жастан асқан ер адамдар әр бес жыл сайын простат спецификалық антигенді анықтау мақсатында қан тапсыруы шарт.

Тоқ ішек және тік ішек. 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер кал тапсыруы керек.

Жаңа түзілімдер. Ауыз қуысының кілегей қабығы мен ерін обырына, қалқанша без пальпациясы, лимфа түйншелеріне тексерілу ұсынылады.

Өңеш, асқазан, он екі елі ішек. 45 жаста эзофагогастродуоденоскопия — эндоскопиялық зерттеу жасау қажет.

Скриниг өлімді азайту амалдарының бірі екендігін ұмытпаңыз. Яғни, мұндай диагностика емдеуге болатын ауруды анықтау үшін жасалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға