Рахат Тұрлыхановтың әйеліне қол көтергені рас па? Әншінің жұбайы жауап берді

Фото: instagram.com/rakhat_turlykhanov
Фото: instagram.com/rakhat_turlykhanov
10.01.2024 15:13
1263
Әнші Рахат Тұрлыханов жұбайы екеуі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Рахат Тұрлыханов әйелін ұрды деген ақпарат тараған.
Әнші оқиғаның мән-жайын түсіндірген видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Рахат екеуміздің қарым-қатынасымызда ешқандай мәселе жоқ, бәрі жақсы. Рахат – мейірімді әрі қамқор серік, әке. Барлық отбасындағыдай бізде де кикілжіңдер болғаны рас. Бірақ БАҚ-та оған нақақтан нақақ жала жабылып жатқанын көрдім. Олар мән-жайды жете түсінбестен жазып жатыр. Уайымдаудық қажеті жоқ. Бәрі жақсы, - деді өнер иесінің жұбайы Алтынай.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанадағы мектептердің бірінде тарақан өріп жүр