Жаңалықтар

ҚР Конституциясының 64-бабына түсіндірме

ҚР Конституциясының 64-бабына түсіндірме
23.09.2015 06:21 6477

ҚР Конституциясының 64-бабына түсіндірме

ҚР Конституциясы, 64-бап

  1. Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асы- рады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.
  2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.
  3. Конституцияның 57-бабының 6) тармақшасында көзделген ретте Үкiмет мүшелерi Парламент палаталарына есеп бередi.
  4. Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi консти- туциялық заңмен белгiленедi.

1. Өз құзыреті бойынша Үкімет мемлекеттік жоғарғы атқарушы орган болып табылады. Мұндай мәртебе Қазақстан Республикасының Конституциясында тікелей көзделмеген, алайда бұл Конституцияның 64-бабы 1-тармағынан туындайды, ол Үкіметтің атқарушы органы жүйесін басқарады және оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады.

Бұл ретте Үкіметтің конституциялық сипаты Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырушы ретінде билікті бөлу жағдайларында атқарушы билік органы ретінде оның құқықтық сипатын айқындайды.

Үкімет белгілі бір атқарушы функциясына ие болып ғана қоймай, ол Қазақстан жағдайында бірыңғай болып табылатын атқарушы органның жүйесін басқарады. Атқарушы билік жүйесінің біртұтастығы Конституцияның 87-бабымен расталады, атап айтқанда, «Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi».

Құрылым атқарушы органның бірыңғай жүйесі: Жоғарғы деңгейде - Үкіметтен алқа органы ретінде;

Орталық деңгейде – Үкіметтің құрылымына кіретін орталық атқарушы органы; Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдары; министрліктің құрылымына кірмейтін орталық орган болып табылатын ведомстволар;

Өңірлік деңгейде – жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық құрылымдық бөлімшелері және ведомстволар.

Атқарушы билік органдары Президенттің, Үкіметтің заңдарын, актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін орындауды қамтамасыз етеді.

Билік бөлу жағдайында актілерді орындау атқарушы билік органдарының маңызды функциялары мен белгілері болып табылады, сонымен қатар, өзге де олардың белгілері мен құқықтары – бөлу екендігін ұмытпау керек. Функцияларды орындау мен бөлуде үйлесімділіктің арқасында бұл органдар мемлекеттік басқару органдары болып табылады, яғни мемлекет істерін басқаруды қамтамасыз етеді.

Сайланбалы билік органдарынан айырмашылығы (Республика Президенті, Парламент, мәслихаттар) атқарушы органдардың қызметі барынша өкілеттік сипатта. Бірақ мұнда да үкіметтің элементтері кездеседі, біріншіден Конституцияның 3-бабына сәйкес Үкімет және өзге де атқарушы органдар мемлекет атынан олардың өкілеттікттерді беру шегінде сөз сөйлейді. Екіншіден, атқарушы орган өз леги-митациясын халықпен сайланған өкілдер атынан алады. Атап айтқанда, Мәжіліс Президентпен Премьер-Министрді тағайындауға келісім береді. Үкімет мүшелері Мемлекет Басшысымен тағайындалады.

2. Үкімет алқалы орган болып табылады, құрамына Үкімет мүшелері – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.

Конституцияның 65-бабы 1-тармағының ережелеріне сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының Президенті Үкiметтi Конституцияда көзделген тәртiппен құрады. Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Респуб- ликаның Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, Республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің 2003 жылғы 19 қарашадағы

№ 11 қаулысына сәйкес Конституция «Үкіметтің құрылымы» дегенде, Республика Үкіметі басқаратын және басшылық жасайтын мемлекеттік органдардың жиынтығын көздей отырып және «Үкіметтің құрамы» деген ұғымның мағынасымен тиісті актілер қабылдайтын мемлекеттің алқалы органының мүшелері ретінде Үкімет мүшелігінде тұратын лауазымды тұлғаларды ғана қамти отырып, осы екі ұғымды саралайды. Аталған категорияларды бұлайша түсіну сондай-ақ Конституцияның 65-бабының 2-тармағында да белгіленіп, Республика Премьер-Министрі тағайын- далғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізіледі деп бекітілген.

«Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 6-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің 2000 жылғы 15 маусымдағы № 9/2 қаулысымен, сондай-ақ қорытындыны Үкiмет алқалы орган ретiнде берген жағдайда оның конституциялық-құқықтық заңды күшi болмақ. Үкімет алқалы орган ретінде алқалы пiкiрi не оның қаулысы арқылы, не қорытынды нәтижесi хаттама шешiмiмен ресiмделiп, төрағалық етушінің қол қоятын отырысы арқылы бiлдiрiледi. Үкiмет сондай-ақ қорытынды не басқа құжатты қабылдай алады, бiрақ ол оның пiкiрiн алқалы органның пiкiрi деп есептеуге мүмкiндiк беретiн құрамда қабылдауға тиiс. Осыған байланысты Конституцияның 70-бабы 5-тармағы Республика Президентінің Үкіметті алқалы  орган  ретінде  немесе оның мүшелерін Негізгі заңның 70-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген негіздерде  отставкасын  қабылдаудың  конституциялық  салдары   туралы  жалпы ережені белгілейді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабын ресми түсіндіру туралы» 2003 жылғы 19 қарашадағы Конституциялық Кеңестің қаулысында, Республика Президенті Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің не тиісті Үкімет мүшесінің орнынан түсуін қабылдайтын барлық жағдайда, Конституция атқарушы органдар жүйесін басқаратын мемлекеттің алқалы органының құрамын, сондай-ақ Президенттің тағайындауы бойынша оған тікелей кіретін лауазымды тұлғаларды назарда ұстайды.

Алқалылық Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерекше ұйымдастырушылық-құқықтық нысанды, Үкіметтің құрамына кіретін мүшелермен бірлесіп әзірлеу және бекіту арқылы оның конституциялық өкілеттігін белгілейді. Ұйымдастырушылық жағынан алқалылық Үкіметтің қарауына жатқызылатын, шешімі тек оның отырыстарында ғана қабылданатын мәселелердің белгілі бір шеңберінің жиынтығын білдіреді. Осылайша, алқалылық Үкімет мүшелерінің жалпы жинақталған жауапкершілігін, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудың бір ғана органы ретінде білдіреді.

Үкіметтің негізгі ұйымдастырушылық нысаны қызметі алқалы  орган ретінде оның отырысы Үкіметі туралы Конституциялық заңға сәйкес оның оты- рыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiлiп отырады. Үкiмет отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу тәртiбi Үкiмет Регламентiмен белгiленедi. Үкiметтiң отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президентi шақырады. Үкiметтiң отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етедi, ол болмаған кезде мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдiң мiндетiн атқаратын Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi. Үкiмет ерекше маңызды мәселелердi қарағанда оның отырыстарында Республика Президентi төрағалық етедi. Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi Үкiмет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкiмет мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады. Үкiмет отырыстары ашық болады. Президенттiң не Премьер-Министрдiң бастамасымен Үкiметтiң жабық отырыстары өткiзiлуi мүмкiн.

3. Үкімет мүшелерінің Парламент Палаталары есептілігі басқаның қатысуынсыз әр Палатаның дербестігінен тұрады, Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хұқылы. Есепті тыңдау қоры- тындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хұқылы. Егер Республика Прeзиденті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін Республика Президентінің алдына Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы мәселені қайталап қоюға хұқылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады.

Мұндай жағдайда есептілік Үкімет мүшелерінің Парламент алдында ішінара жеке жауапкершілігі ретінде сипаттауға болады. Сызба сол сияқты: бастапқыда есептілік есепті тыңдаған кезде, сонан кейін жауапкершілік, яғни Үкімет мүшелеріне Парламенттік сенімсіздік білдіреді.

2007 жылғы 21 мамырдағы Заңмен Үкіметтің қызметіне тиімді бақылау жөніндегі Парламент өкілеттігі күшейтілді.

Конституцияда екі жағдай, яғни Үкіметке сенімсіздік барлық Парламентпен білдіріледі. Бұл Үкіметтің есеп қорытындысы бойынша бюджеттің атқарылуы туралы немесе Премьер-Министрдің өзі Парламент алдында Үкіметтің бастамашылығымен заңды қабылдамауға байланысты мәселе қояды.

Конституцияның 56-бабының 2-тармағына сәйкес Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хұқылы.

4. Бұл конституциялық талап 1995 жылғы желтоқсанда атқарылған, яғни Үкімет туралы Конституциялық заңның күші бар Республика Президентінің Жарлығы шығарылған болатын, сонан кейін Парламентпен біртектес Конституциялық заңына өзгерді.

Осы конституциялық заңда конституциялық өкілеттіктердің негізінде және дамытуда Үкіметтің негізгі құзыреті айқындалған.

Үкіметтің қызметі мен ұйымдастыру тәртібі, Конституциялық заңда Үкімет алқалы орган ретінде қызметінің негізгі рәсімдері айқындалған, оның Мемлекет Басшысымен, Парламентпен, орталық және өзге де мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасының негізгі бастаулары айқындалған.

Осы заңда Үкіметтің орталық атқарушы органдары мен лауазымды адамдарының мәртебесі айқындалған.

Үкімет туралы Конституциялық заңға сәйкес Үкіметтің жұмысы оның Регламентімен бекітілетін негізде құрылады. Үкімет Регламенті – бұл Үкіметтің қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт.


Қазақстан Республикасы Конституциясының ғылыми-практикалық түсіндірмесінен үзінді

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға