Жаңалықтар

ҚР Қорғаныс министрлігі ансамблі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай концерт өткізді

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ансамблі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына орай концерт өткізді.
02.03.2015 10:15 4827

Соғыс ардагерлеріне, интернационалист-жауынгерлерге, ҚР Қарулы күштер әскери қызметкерлеріне және «Жас Ұлан» мектебінің тәлімгерлеріне сахнадан бұрыннан жақсы таныс сүйікті әндер орындалды. Ансамбль әртістерінің орындауындағы «Әлия», «Бейбітшілік сақталады» секілді әндер ешкімді бейжай қалдырмады. Нұрлан Нұртазин Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов туралы «Сағадат» әнін шырқаған кезде жасұландықтар тіпті орындарынан тұрып кетті.

Атап өтетін жайт, бұл концерт  ҚР Қорғаныс министрлігінің Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шаралардың бірі ғана.  Мерейтойлық іс-шаралардың негізгісі және қорытындысы 7 мамыр күні әскери шеру. Оған дайындық қазірден бастап жүргізілуде. Оның алдыңғы жылдардағы шерулерден ерекшелігі сол, биыл онда тарихи және заманауи көріністер болады.  

ҚР Қорғаныс министрлігі ансамблі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай концерт өткізді

ҚР Қорғаныс министрлігі ансамблі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай концерт өткізді

ҚР Қорғаныс министрлігі ансамблі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай концерт өткізді

ҚР Қорғаныс министрлігі ансамблі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай концерт өткізді

ҚР Қорғаныс министрлігі ансамблі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай концерт өткізді

ҚР Қорғаныс министрлігі ансамблі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай концерт өткізді

ҚР Қорғаныс министрлігі ансамблі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай концерт өткізді

Дәурен Омаров

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға