Жаңалықтар

ҚР Қарулы Күштерінде жаңа қызмет пайда болды

Гидрометеорологиялық қамтамасыз ету ҚР Қарулы Күштерінде жедел ақпараттандырудың бір түрі болып табылады.
11.01.2016 10:40 4198

Қарулы Күштерді гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін арнайы басқарма құрылды.

Гидрометеорологиялық қамтамасыз ету ҚР Қарулы Күштерінде жедел ақпараттандырудың бір түрі болып табылады.  Бұл мәліметтер әскери техниканы тиімді қолдану, әртүрлі іс-шараларды орындау үшін ауа райы жағдайын пайдалану үшін қажет.

ҚР Қарулы Күштерінде жаңа қызмет пайда болды

Соңғы онжылдықта бірқатар қарулы шиеленістерде қаруланудың сапалы тұрғыдағы жаңа құралдары негізінде күресудің жаңа үлгілері іске асырылды. Оқшаулы соғыс пен қарулы жанжалдардың талдауы жоғары дәл қару мен орағытылған жауынгерлік іс-қимылдар дәуірінде қару-жарақ пен әскери техника үздіксіз жетілдіріліп тұратынын көрсетеді. Алайда, оларды қолданудың тиімділігі көбінесе гидрометеорологиялық жағдайларға байланысты болады. Осыған орай, әскерлерді гидрометеорологиялық қамтамасыз ету мәселелерінің маңыздылық дәрежесі ұлғаюда. Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеттілігін нығайту мәселелері ең алдымен, жаңа технологияларды енгізумен тікелей байланысты.

ҚР Қарулы Күштерінде жаңа қызмет пайда болды

Гидрометеоролог әскери қызметшілер  Қарулы Күштері гидрометеорологиялық бөлімшелерінің жасақталуын бақылайды, метеорологиялық мәліметті жинайды, талдайды және әскерлерге таратады, авиациялық оқиғаларды, теңізде жүзу және кеме қатынасының қақтығыстары мен қауіпсіздігін тергеп-тексеруге қатысады, сондай-ақ ҚР ҚК-нің  гидрометеорологиялық бөлімшелерінде ғылыми-әдістемелік және өнертапқыш жұмысты жүргізеді.


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға