Жаңалықтар

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесу

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесу
03.04.2018 03:10 1326

2 сәуір күні Достық үйі ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін түсіндіру бойынша ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ш. Хахазовтың ЭМБ өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу модераторы – Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі М.Қожаева.

Аталған кездесу отырысына «Вынхуа» дүнген ЭМБ өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, Аналар, Ақсакалдар және Қоғамдық келісім кеңестерінің, «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

            Ш.Хахазов Үндеудің бастамалары бойынша түсіндіру жұмыстарын айтып өтті.

  • «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру»
  •  «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту»
  • «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту,
  • «Шағын несие беруді көбейту
  •  «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» мәселелері бойынша сөз қозғап, өз ойын білдірді:

- Елбасымыз қай кезде де халықтың қамын ойлап, тұрмыс жағдайларының,  әлеуметтік мәселелерінің шешіліп отыруына қамқорлық жасауда. Жуырда Парламент палаталарының бірлескен отырысында көтерілген әлеуметтік бастамаларының барлығы да әрбір қазақстандыққа жақын.

Елбасымыздың 5 әлеуметтік бастамалары еліміздегі миллиондаған азаматтардың мүддесін қорғайтын, өмір сапасын жақсартатын, жарқын болашаққа деген үміт-сенімдерін нығайтатын іргелі істер. Сонымен бірге, барша қазақстандықтарды ортақ мақсат жолында біріктіретін ынтымақтың, ырыс пен берекенің қайнар көзі. Нақты айтқанда, бес әлеуметтік бастама – халқымыздың игілігін арттыра отырып, мемлекетіміздің тұрақты дамуы жолындағы ұлы мақсаттарды қамтамасыз ететін теңдесі жоқ, ерекше серпінді жоба. Оны табысты жүзеге асыру жолында, Парламентке де зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан еліміздің әлеуметтік мемлекет пен ұлттық өркендеудің шынайы, әрі сындарлы қазақстандық моделін жасауға жол ашатын әлеуетті бастамаларды өте жоғары деңгейде, сапалы заңдармен қамтамасыз ету – Парламент депутаттарының ең негізгі, ең жауапты, ең абыройлы міндеті.

Елбасы бастамаларының мән-маңызын жан-жақты ашқан депутат олардың іс жүзіне асырылуының тетіктері жөнінде де әсерлі әңгімелеп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. 

Кездесу модераторы - Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі М.Қожаева кездесу отырысын қорытындылай келе:

- Елбасының Үндеуі Қазақстанның экономикалық әлеуетінің зор екенін көрсетіп, халықты айрықша қуанышқа бөлеген ұмытылмас жаңалық.

Президенттік әлеуметтік бес бастамасы барлық қазақстандықтарды қамтып, олардың асыл армандарына жол ашып береді және еліміздің бақуаттылығының негізі болып табылатын әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталып отыр.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға