Жаңалықтар

Қызын зорлаған бұрынғы әскери қызметкер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қызын зорлаған бұрынғы әскери қызметкер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 03.08.2023 12:09 1474

1 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Ақтау гарнизонының бұрынғы әскери қызметшісіне жас қызын зорлағаны бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Бас әскери прокуратура мәлімдеді.

Соттың үкімімен бұрынғы-әскери қызметші ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігінде (жас баланы  зорлау), 121-бабының 4-бөлігінде (жас балаға  қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және 124-бабының 3-бөлігінде (жас баланы азғындық жолға түсіру) көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі төтенше мекемесінде ұстаумен өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталды, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ үкімде сотталған азаматқа қатысты химиялық кастрация жасалатыны айтылған.

Әскери қызмет кезінде ер адам өзінің 11 жасар қызының  дәрменсіз күйін пайдаланып, бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқаны анықталды, - делінген.

Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының нәтижелерімен және қылмыстық істің басқа материалдарымен толық дәлелденген.

Сот жарыссөздерінде мемлекеттік айыптаушы сотталушының жасаған іс-әрекеттерінің ауырлығын ескере отырып, оған қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қажеттілігі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деп қосты Бас әскери прокуратура.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға