Жаңалықтар

Қызылша жұқтырғандардың саны неге күрт өсті?

Қызылша жұқтырғандардың саны неге күрт өсті?
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 02.11.2023 12:29 1733

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев биыл қызылшамен ауырғандар саны 11 мыңнан астам екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл соңғы бірнеше жылмен салыстырғанда күрт өскенін көрсетіп отыр. Қыркүйектен бастап өршігені байқалады. Вице-министрдің сөзінше, бұған балалардың уақытылы екпе алмауы себеп.

Ауырғандардың 83%-ы – балалар. Осы ауырған балалардың көбісі, яғни 85%-ы – екпе алмағандар. Сондықтан екпе салу бойынша шаралар жүргізіп жатыр. Мәселен, Қазақстанның бас санитар дәрігері қосымша балаларға екпе салу туралы айтқан болатын. Қосымша екпе алты айлық және он бір айлық нәрестелерге, екі жастан он бір жасқа дейінгі балаларға жасалатыны туралы, - деді Сұлтанғазиев.

Қызылша жұқтырғандар елдің барлық өңірлерінде бар. Бірақ министрлік берген ақпаратқа сәйкес, Шымкент, Алматы, Атырау қалаларында ең көп науқас тіркелген. Тимур Сламжанұлының сөзінше, бұл сол өңірлердегі халық санының тығыз болуына, туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға