Қызылордалық өрт сөндірушілер 40 адамды аман алып шықты
Фото: Бейнежазбадан скриншот
Фото: Бейнежазбадан скриншот
18.02.2024 22:51
693
Қызылорда өңірінің өрт сөндірушілері төтенше жағдай кезінде 40 адамды, оның ішінде 11 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Қызылорда облысының өрт сөндірушілері бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан шаштараздағы өртті сөндіріп, ауыздықтады.
ТЖД күшімен баспалдақ арқылы 40 адам, оның ішінде 11 бала эвакуацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына ТЖД 28 қызметкері, 9 бірлік техникасы жұмылдырылды, - деп жазылған ТЖМ таратқан мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әскерилер жүзден астам адамды қар құрсауынан құтқарды
Келесі жаңалық
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды