Жаңалықтар

Қызылордалық оқушы орманды бақылайтын жүйе жасады

Қызылордалық оқушы орманды бақылайтын жүйе жасады
Фото: Видеодан кадр 25.02.2024 20:46 656

Қызылордалық оқушы орман өртінің алдын алуға көмектесетін ақпараттық жүйе жасап шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Ол бұл жобасын «Жалын» деп атаған.

Озық технологияға негізделген өнертабыс орман өртінің қаупін сейілту арқылы экологиялық мәселелерді шешеді, - дейді автор.

Өткен жылы Абай облысындағы орманда ірі өрт оқиғасы тіркелді. Далалық жерде тұтанған жалынды дер кезінде анықтау өте қиын. Бұл – табиғатты қорғаудағы өзекті мәселенің бірі. «Жалын» ақпараттық жүйесін жасауға түрткі болған осы түйіткіл еді,-дейді Жұлдызай Мұнайтпасова. Көлемі құстың ұясынан да кішірек құрылғы орман ішіне орнатылады. Осылайша бақылауға алынған аумақтағы табиғат жағдайы туралы ақпарат орманшының сенсорлы планшетіне түседі. Ең бастысы – аталған жүйенің жұмысы интернетті қажет етпейді.

Сонымен қатар біздің ретранслятор деген құрылғымыз бар. Ол радиотолқындарды интернет толқындарға айналдырып, орман өрті, ауқымы, көлемі туралы жағдайды және ықтимал қауіптерді біздің платформалар арқылы жергілікті халыққа, жоғары шенді қызметкерлерге және Төтенше жағдай министрлігіне жібереді, - дейді оқушы Жұлдызай Мұңайтпасова.

«Жалын» ақпараттық жүйесі озық технологиямен жасалған бірнеше датчик арқылы қызмет атқарады. Бұл жаңашылдық орманшылардың орнын баспайды. Бірақ олардың жұмысын ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Аң-құстың қырылуын тоқтатып, орман маңы тұрғындарының өмірі мен мүлкін сақтауға сеп болады. Тағы бір тиімді тұсы – құрылғыны жасауға, орнатуға көп шығын кетпейді»,-дейді жоба авторлары.

Қосымша зат, дүниелер салудың қажеті жоқ. Себебі құрылғы барынша кішкентай. Сондықтан оны ағаштарға немесе сол жерден белгіленген бөлікті алып, сол жерге орнатып кетсе қосымша қаражатты қажет етпейді. Жұлдызай бұл экологиялық жобаны іс жүзінде өндіріске енгізуді көздеп инвестор іздеуге кіріскенін айтады. Сонымен қатар республикалық және халықаралық ғылыми жоба байқауларына да қатысуды жоспарлап отыр, - дейді жоба жетекшісі Науан Әділжан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға