Жаңалықтар

Қызылордалық ғалым арпа мен бидайдың жаңа сұрпын шығарды

Қызылордалық ғалым арпа мен бидайдың жаңа сұрпын шығарды
Фото: Видеодан кадр 11.02.2024 19:38 1023

26 жылдан бері ғылым жолында зор табысқа жеткен Лаура Тохетова суармалы су тапшылығы мәселесін шешу жолында ізденістерге де ден қойған, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Табиғи селекциялық жолмен арпа мен бидайдың отандық 15 сұрпы пайда болды. Ал бір түрін шығару үшін 10-15 жылдай уақыт керек. Бұл – Лаура Тохетованың ұзақ жылғы ізденісінің жемісі. Зерттеу кезінде селекция саласындағы озық технологияларды да пайдаланған. Соның бірі күріштің пісу кезеңін қысқартуға бағытталған.

Былтыр алғаш рет осы кванттық технологиямен біз күріш сорттарын, яғни спутник арқылы, кванттық бөлшек деп аталады, сол арқылы біз күріштің өнімділігін 20%-ке көтердік. Сол арқылы біз осы күріш сорттарының вегетациялық кезеңін 10-15 күнге қысқарттық, - дейді ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Лаура Тохетова.

Лаура Тохетова – аграрлық ғылым саласы бойынша 300-ден астам мақаланың және үш монографияның авторы. Оның ішінде 15 зерттеу еңбегі халықаралық беделді ғылыми басылымдарда жарық көрген. Осындай бастамалары үшін Мемлекет басшысының стипендиясына лайық деп танылып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға