Жаңалықтар

Қызылордадағы «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы таныстырылды

Қызылордадағы «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы таныстырылды
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі 14.02.2025 17:16 475

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярды аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалының жұмысымен таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен, премьер-министр Олжас Абайұлының қатысуымен 2024 жылы 12 қарашада  «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы ашылды.  Жобаны іске асыруға «Болат Өтемұратов қоры» 16,6 млрд теңге инвестиция салды, жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, – деді Н.Нәлібаев.

Әуе айлағының өткізу мүмкіндігі 7 есе, яғни жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін артты. Жаңа терминал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

Қызылордадағы «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы таныстырылды

Бүгінде «Қорқыт Ата әуежайы» арқылы «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компаниялары аптасына  26, атап айтқанда Астана қаласына 16, Алматыға 10 рейс орындауда.

Қызылордадағы «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы таныстырылды

Суреттер: Қызылорда облысы әкімдігі

Роман Скляр жаңа терминал аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, сауда-саттық көлемінің өсуіне оң септігін тигізетінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға