Жаңалықтар

Қызылордада жылыжайда есірткі еккен азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Қызылордада жылыжайда есірткі еккен азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 14.09.2023 14:03 1195

Қызылордада жылыжайда есірткі еккен азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот өз ауласындағы жылыжайда есірткі еккен Қызылорда тұрғынына қатысты үкім шығарды.

Наурыз айында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп, 57 жастағы қызылордалықты ұстады және оның ауласынан арнайы жабдықталған есірткі жылыжайын анықтады.

Бағбаннан бес литрлік кесілген пластикалық бөтелкелерге, полиэтилен пакеттерге және гүл құмыраларына отырғызылған 37 марихуана бұталары мен 145,97 грамм тұқым тәркіленді.

Сондай-ақ, тінту кезінде 1 келі 710 грамм кептірілген қарасора, тіркелмеген аңшы мылтығы мен қару-жарақ бөлшектері табылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға