Қызылордада жыл басынан бері 20 адам суға кеткен

Қызылорда облысында жыл басынан бері 20 адам суға кетіп қаза болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл облыстағы су айдындарында 20 адам қаза болды.
Оның 15-і - ересек адам болса, 5-і - балалар.
2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұндай оқиғалар 10% азайған. Былтыр аталған уақытта 22 адам көз жұмды.
Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері - қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу. Атап айтсақ, азаматтар өзен немесе каналдардың кез-келген, әрі зерттелмеген жерлерге суға түседі. Олардың арасында спирттік ішімдік ішкендері де бар. Сондай-ақ, ересектердің бақылауынсыз балалардың су жағасына баруы байқалып отыр. Кейбір азаматтар суға түсу ережесін білмейді. Енді бірі жүзе алмайды. Балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамайтындар бар, - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.
