Жаңалықтар

Қызылордада жол жабық: Сырдария өзені арнасынан асты

Қызылордада жол жабық: Сырдария өзені арнасынан асты
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz 07.03.2023 18:52 1187

Сырдария өзеніндегі су арнадан асып жолаушылар қауіпсіздігіне байланысты «Жалағаш-Жосалы» бағытындағы жол уақытша жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазір Сырдария өзенінен көп мөлшерде су өтуіп жатыр. Соның салдарынан су өзен арнасынан асып Қармақшы ауданы, Қызылтам елдімекені тұсындағы Далдабай, Қызылтам жолының су басу қаупі бар аумағына су жайылған.

«Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін облыстық маңызы бар «Жалағаш-Жосалы» бағытындағы (Жосалыдан 43, Жалағаштан бері 31 шақырым жердегі Далдабай мен Қызылтам елді мекендерінің арасы) жол уақытша жабылды. Елдімекендерге ешқандай қауіп жоқ. Қазір жауапты салалармен арнайы жұмыстар жүргізіліп, жағдай толық бақылауға алынғанын хабарлаймыз», - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігінен.

Аталған жол республикалық маңызы бар үлкен күре жол емес. Ол екі аудан орталығын жалғастырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға