Жаңалықтар

Қызылордада жоғалып кеткен 25 жастағы мейіргер өлі табылды

Қызылордада жоғалып кеткен 25 жастағы мейіргер өлі табылды
Фото: Facebook/Ольга Чебакова 24.07.2024 10:44 1373

Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның өлі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абылайхан Жұман есімді 25 жастағы жігіт 20 шілдеде жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Ол облыстық көпсалалы ауруханада медбике болып жұмыс істеген.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жас жігіттің өлімі туралы ақпаратты растап, екі күн бойы жоғалған жас жігітті іздеуге полиция департаментінің, полиция басқармасының, төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамы, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылғанын айтты.

23 шілдеде жоғалған адамның денесі табылды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Ер адамның өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды және осы сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Тергеу әрекеттері жалғасады. Өңір полициясы марқұмның жақындары мен туыстарына шын жүректен көңіл айтады, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Абылайхан Жұман облыстық онкологиялық диспансерде хирургия бөлімінде мейіргер болып жұмыс істеген. Ол хабарсыз кеткен күні жұмыстан шығып, ұялы телефонын өшіріп, қайта хабарласпаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға