Қызылордада төтеншеліктер жылу маусымына байланысты тұрғын үй секторларын аралады
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
02.12.2024 02:32
409
Қызылордада ТЖД қызметкерлері БАҚ өкілдері және жергілікті еріктілермен бірге тұрғын үй секторларын аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара мақсаты - жылу беру маусымы қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жылыту пештері мен түтін мұржаларын күтіп ұстау туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар улану жағдайларының алдын алу мақсатында қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлерге көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда көкөніс сататын дүңгіршек өртенді
Келесі жаңалық
Алматыда бірнеше ауданда кедергісіз тұрақтар іске қосылады